Хабарландыру!

2025-12-31

Құрметті оқырмандар мен авторлар!

Сіздерге 2026 жылдың №1 (121) санынан бастап «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналының екі дербес ғылыми журналға бөлінетінін хабарлаймыз.

«Тарих» сериясы «Eurasian Journal of History» атауымен, ал «Философия» сериясы «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» атауымен жарық көретін болады.

Сондай-ақ бұрын журналдың ескі атауымен жарияланған барлық мақалалар мен материалдар сақталып, журнал архивінде қолжетімді болады. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» журналының мақалалар архиві ресми веб-сайтта орналастырылады және оған бұрынғыдай өзіңізге ыңғайлы форматта қол жеткізе аласыз.

Қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз!