Kazakh bai in the socio-political life of the first quarter of the twentieth century: adaptation mechanisms, strategies and results (on the example of the volosts of the Aktobe province)

Authors

DOI:

https://doi.org/10.31489/2025hph1/198-205

Keywords:

Kazakh bais, volost governors, electoral system, elections, Bolsheviks, social order, adaptation mechanisms

Abstract

Мақалада эмпирикалық материал негізінде байлардың әлеуметтік категориясының патшалық және
большевиктік үкіметтердің саяси жүйелеріне бейімделу үшін интуитивті немесе саналы түрде пайдаланатын стратегиялары, тәжірибелері, тетіктері мен формалары қайта қарастырылған. Авторлар әлеуметтік тарих қағидаларына сүйене отырып, қазақ қоғамын өзгерткен іргелі процестер мен күштерді екі түрлі мемлекеттік-идеологиялық парадигмалар бойынша, яғни кейінгі империялық және ерте кеңестік кезең аясында түсіндіруге тырысқан. Сондай-ақ кеңестік құрылыстың басталуы жағдайында байлардың бейімделу тетіктері де қарастырылып, жергілікті мысал арқылы байлардың саяси субъектілікке өтуі байқалады. Мақаланың мақсаты Ақтөбе губерниясының Ырғыз, Темір
уездеріндегі 1909–1925 жылдар аралығын қамтитын және өлкенің қоғамдық-саяси өміріне байлардың қатысуына байланысты тарихи оқиғаларды қайта жаңғырту. Зерттеу әдістемесі case study (кейс стади) әдісіне негізделген. Бұл нақты жағдайды тереңірек және егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік берді. Негізгі дереккөз ретінде Ақтөбе облыстық ОГПУ бөлімінің құпиясыздандырылған құжаттары таңдалды. ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ тарихының шешуші оқиғаларындағы байлар институтын, оның генезисін, әлеуметтік-экономикалық және саяси рөлін зерттеу тәжірибесі
байлардың саяси-әлеуметтік революцияның төтенше жағдайында өз орнын алуға тырысқанын көрсетеді. Империялық, содан кейін большевиктік жаңғырудың сын-қатерлеріне әртүрлі «жауаптар» жүзеге асырылды. Алайда, 1920 жылдардың аяғында ауылдағы көпшіліктің консенсусын сақтаған әлеуметтік тәртіп революциялық террор мен зорлық-зомбылық тәжірибесімен әдейі жойылды

Downloads

Published

2025-03-30

Issue

Section

HISTORY