The development of public education in the Karkaralinsky district in the 20–30s of the twentieth century: successes, problems, prospects

Authors

  • L.K. Shotbakova
  • G.M. Smagulova
  • B.T. Tuleuova
  • N.A. Beisenbekova

DOI:

https://doi.org/10.31489/2023hph3/129-139

Keywords:

Karkaraly region, education system, literacy eradication, pedagogical college, national schools

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивтерінің архивтік қорлары, сондай-ақ облыстық және аудандық архивтердің қорларына кіретін архивтік материалдардың елеулі кешені негізінде 1917-1941 жылдары Қарқаралы өңірінде мектептік білім беру жүйесін құру жөніндегі негізгі іс-шаралар қарастырылған. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді, аймақтағы халықтық білім берудің қалыптасуы мен дамуын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді анықтауға әрекет жасалған. Орыс және қазақ мектептерінің дамуы мысалында мектептегі білім беру жағдайын талдаған, бірінші сатыдағы мектептер мен екінші сатыдағы мектептердің негізгі сипаттамалары, рөлі мен орны анықталған. Білім жүйесін құру Қарқаралы ауданының ересек жастағы халықтары арасындағы сауатсыздық пен шала сауаттылықты ликбездер, қызыл киіз үйлер т.б. арқылы жою шараларымен қатар жүргендігіне назар аударылған. Интернаттардың білім беру жүйесіндегі рөлі қарастырылған, олардың 1920-30 жылдары зерттелетін аймақ халқының едәуір бөлігіне тән көшпелі өмір салты жағдайында ерекше маңыздылығы айтылған. Қарқаралы қаласы мен Қарқаралы ауданының мектептерінде жұмыс істеу үшін қажетті мұғалімдер кадрларын қалыптастырудағы педагогикалық техникумның рөлі көрсетілген. Өңірде жиырма жыл бойы білім беру жүйесін
дамытудың сандық көрсеткіштерін талдау мектептегі білім берудің үдемелі дамуы, бірінші сатыдағы мектептердегі оқушылар санының, ең алдымен қазақ ұлтының тұрақты өсуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Downloads

Published

2023-09-30

Issue

Section

HISTORY