New Research Approaches in the Study of Space by Social and Humanitarian Sciences

Authors

  • U.M. Sandybayeva
  • K.A. Medeuova

DOI:

https://doi.org/10.31489/2022hph4/348-356

Keywords:

space, philosophy of cosmism, anthropology of space, astrosociology, astrocultural studies, astropolitics, astrofuturism, frontier, utopia, postcolonial studies

Abstract

Мақалада ғарыш және ғарышты зерттеу әдістері бойынша заманауи тәсілдер, пікірталастар қарастырылған. Соңғы онжылдықтарда ғарыштың антропологиясы, астроәлеуметтану, астромәдени зерттеулер, астросаясат сияқты ғарышты гуманитарлық және әлеуметтік зерттеулерде жаңа бағыттар пайда болды. Ғарыш технологиялық серпілістермен, ғарыштық туризмнің дамуымен және Ай мен Марсты отарлау мүмкіншіліктерімен, космизм философиясымен қамтылатын пәнаралық, көп салалы зерттеулердің жаңа эпистемологиялық шеңберіне айналуда. Ғаламдық және жергілікті ғарыш, мәдени ландшафт және ғарыштық инфрақұрылым, дене және гендер арасындағы шиеленіс мәселелері өзекті болып табылады. Авторлар ғарышты зерттеудегі қазіргі гуманитарлық оптикаға ерекше назар аударған, өйткені дәстүрлі түрде ғарыш, шекара ретінде, негізінен жаратылыстану-техникалық ғылымдарды зерттеу нысаны болды, дегенмен космонавтиканың жетістіктері діни және философиялық ізденістерінің нәтижесі де болды. Жеке және ұжымдық қиялға әсер ету арқылы ғарыш кеңістігіне мән беруге тырысатын кескіндер мен артефактілер, медиа және тәжірибелер жиынтығын қамтитын астромәдениеті тұжырымдамасы қарастырылған. Астромәдени зерттеулердегі маңызды тренд ғарыш пен мәдени ландшафтты байланыстыратын мәселелерді зерттеу. Мексиканың ғарыштық ынта-жігерінің мысалында «ғарыштық державалардағы» ғарышты жердегі экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндігі және өзінің технологиялық секторын жаһандық позициялау құралы ретінде қарастыруға болатындығы көрсетілген. Ұсынылған шолу адам мен ғарыштың байланысы туралы философиялық ойлаудың көптеген мүмкін жолдарын көрсетеді. Мақала постколониялық пікірталастарды, Қазақстандағы ғарышты зерттеудегі зерттеу тәсілдерін кеңейтуге үлес қосады.

Downloads

Published

2022-12-30

Issue

Section

PHILOSOPHY